[1-шумақ]
Мен сені тіпті білмеймін
Ал сен болсаң, мен Patrón текиласындай, маған ызаңды төгесің 1
Ал менің айтатыным "Сайтан алғыр, әлі таңғы 7 емес пе"
Көшеде осыны айтсаң, нокаутқа кететін едің
Бірақ твиттерде жазған соң, саған ештеңе болмайды
Ал менің айтатыным: "Хей, сенде бәрі дұрыс па?"
[Қайырма алды]
Бұл сенің өз-өзіңді көрсетудің жолы шығар, бірақ білуімше, біреу жайлы стресстеніп, оған тіреліп қалу түк те күлкілі емес
Ал менің сүйектерімді ешқандай тас, ешқандай жылан сындыра алмаған
[Қайырма]
Сондықтан да, а, а, а, а
Саған ашуыңды басу керек,
Тым қатты айғайлап жатырсың
Ал менің айтатыным: оу, оу, оу
Саған бұл ісіңді тоқтату керек
Етегімді баспай тұра аласың ба?
Саған ашуыңды басу керек
[2-шумақ]
Біз сені тіпті білмейміз
Бірақ сен менің достарыма соғыс ракетасындай шабуылдайсың
Сен неге ашулысың? Оның орнына GLAAD-қа кірмейсің бе? 2
Парадта күн жарқырап тұр
Бірақ сен қараңғылықты таңдадың
Бұл маңдайшаны сен түні бойы жасаған шығарсың. 3
[Қайырма алды]
Саған бірнеше рет отырып, тынышталу керек. 4
Адамдарға айғайлауға деген құмарлығыңды басқару керек
Себебі мазақ ешкімді азырақ гей етпеген.
[Қайырмасы]
Сондықтан да, а, а, а, а
Саған ашуыңды басу керек
Сен тым қатты айғайлап жатырсың
Ал менің айтатыным: оу, оу, оу
Саған бұл ісіңді тоқтату керек
Оның етегін баспай тұра аласың ба?
Саған ашуыңды басу керек
[Ауысым]
Сені интернеттен көреміз,
Жұмысын өлтіріп тұрып жасап жатқан қыздарды салыстырып отырасың,
Бірақ біз түсіндік,
Барлығымыздың да басымызда тәжіміз бар екен
Ал саған ашуыңды басу керек 5
[Қайырмасы]
О, о, о
Саған ашуыңды басу керек (Саған ашуыңды басу керек)
Сен тым қатты айғайлап жатырсың (тым қатты)
Ал менің айтатыным: оу, оу, оу
Саған бұл ісіңді тоқтату керек (тоқтата аласың ба?)
Біздің етектерімізді баспай тұра аласың ба?
Саған ашуыңды басу керек
1. ағыл. шоттарды ішу мен шабуылдау бірдей аударылады2. GLAAD - ЛГБТИК+ құқықтарын қолдайтын ұйым, оған қоса ағыл. glad - көңілді болу, яғни қосымша мағынасы: ашулы болғанша, көңілді болмайсың ба3. Көптеген прайд-парадтарда гомофобтар маңдайшалармен келіп парадқа кедергі етуге тырысады 4. Саған бір рет отыру, жеткіліксіз деген мағынада5. Жұлдыздарды бір-бірімен интернетте салыстырып отыратын адамдар жайлы