[1-шумақ]
Басыңды төмен салып оқып отырғаныңа қараймын
Оянамын да, жұмулы көзбен дем алып жатқаныңа қараймын
Отырамын да, саған қараймын
Әр қимылыңды байқаймын
Сен менен мың есе ақылдысың, данасың, ал мен...
[Қайырмасы]
Ал мен болсам, баладай босағада тұрмын
Сенің суретіңді салуға ең әдемі бояуымды қолдандым
Жинаған сәнді боқтығыммен дастархан жаямын да
Осыған төзіп отырғаныңа қараймын
Егер осының бәрін ойдан шығарсам
Айтқаным өтірік де
Махаббатым сені қуанту керек еді
Ал сен оны төзіп келесің
[2-шумақ]
Сені соғыс батырындай қарсы аламын
Ерсі қылықтарыңды күліп қабылдаймын
Сені аузым ашылып тыңдап, ыдыстарды жайнатып жуамын
Сен менен мың есе ақылдысың, данасың, ал мен...
[Қайырмасы]
Ал мен болсам, баладай босағада тұрмын
Сенің суретіңді салуға ең әдемі бояуымды қолдандым
Жинаған сәнді боқтығыммен дастархан жаямын да
Осыған төзіп отырғаныңа қараймын
Егер осының бәрін ойдан шығарсам
Айтқаным өтірік де
Махаббатым сені қуанту керек еді
Ал сен оны төзіп келесің
[3-шумақ]
Басқа әлеміңді құрып жатқан кезде мен қайда болдым?
Тікендеріме көрпе жабатын ерім қайда?
Сені панам, өрнегім, аспаным дедім
Ал қазір өмірің жайлы кітабыңның тым болмаса сілтемесінде болайын
Авторлардың есімі тұратын жерге жүректер салып отырмын
Әрқашан тым көп орын алдым, әрқашан сенің уақытыңды ысырап еттім
Менің халім жақсы деп ойлайсың, бірақ
Арамыздағы барлық затты жойып, азат болсам,
Ішіме сұғылған қанжарды суырсам,
Сен деген жүкті жоғалтсам, не істейсің?
Бұл қолдан келеді, маған сен!
[Қайырмасы]
Егер осының бәрін ойдан шығарсам
Айтқаным өтірік де
Махаббатым сені қуанту керек еді
Ал сен оны төзіп келесің
[Соңы]
Отырамын да, саған қараймын