Анна: Жел міне салқындай түсті тағы
Күз бізге асығады
Аспанда бірақ бұлттар көшеді тізіле
Асқабақ та тыңайтқыш болады
Олаф: Жапырақ түсіп гүлдер де солады
Анна: Бірақ көп заттар қалады өзгермей
Иә, өзгермейтіндер, қолымнын жылы табындай
Мәңгі өшпейді
Анна & Олаф: Арамыздағы жалындай
Анна: Алып қорғанға ұқсайды олар да, көлемді, әдемі.
Өзгермейтіндер, құшағымдай саған шашқан нұр.
Кристоф: Қол бұлғап шақырып күнде
Свен ал, келешекте мені күткендей
Свен: Қане әкел маған сақинаңды, берші күттірмей
Кристоф: Расында әлсіздеумін мұндайға мүлде
Бәрінде сезіп, біліп жүрсемде
Свен: Иә досым білмейді оны ешкім дәл мендей
Кристоф: Иә, өзгермейтіндер, қайталанбайтын сезімдей
Мәңгі өзгермес, бұғылардың мінезіндей
Тәуекел етсем, бәріне жетем, жолын оның білемін, айтшы!
Свен: Өзгермейтіндер
Кристоф: Свен ал көмектес маған сен
Эльза: Бұл әлде жел ме, естідім бе біреудің даусын?
Ұқпадым бұл не, маған керек емес түкте басқа
Өмір әдемі, қалса екен өзгермей
Әттең көнбес уақыт, бірақ мен ләззат алам әр сәттен!
Барлығы: Жел таңға жететін болды
Олаф: Сендер тағы есейдіңдер міне
Анна & Кристоф: Аспанмен бірге қане ән салайық бізде!
Барлығы: Әрдайым біздер күлімдеп жүреміз
Әнге толы өмір сүреміз
Эльза: Аспанның да күнде қалықтай желбіреп жалауы
Анна: Желбіреп жалауы
Барлығы: Желбіреп жалауы,
Желбіреп жалауы
Өзгермейтіндер, өтсе де қанша ай күнде,
Өшпес сезімдер, көңілді тербеп мәңгіге.
Келеді күн ғажап, өткен күн сабақ,
Тоқтамас уақыт бір
Өзгермейтіндер
Анна: Ал біз мәңгілік біргеміз
Эльза: Мәңгілік біргеміз
Олаф: Мәңгілік біргеміз
Кристоф: Мәңгілік біргеміз
Анна: Біз мәңгілік біргеміз.