Қайран күндер кешегі,
Сайран күндер кешегі.
Көрген түстей көңілден,
Қалайша өшеді?
Бақытыма балаған,
Жырға лайық санаған.
Жан серігім жалғанда,
Сен едің қалаған.
Қия алмадым, қимадым,
Қинадың-ау, қинадың.
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!
Саған ғана жан сырым,
Айтушы едім бал-шырын.
Бірге кешкен күндер-ай,
Мөп-мөлдір таң шығын.
Шығар ма екен бәрі естен,
Шыдамымның шамы өшкен.
Жылап жатыр жүрегім,
Нәп-нәзік нәрестем.
Қия алмадым, қимадым,
Қинадың-ау, қинадың.
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!
Ұя салған таңдайға,
Біз айтатын ән қайда?
Амал бар ма тағдырға
Жазылған маңдайға.
Ақ тілеулі арманға,
Сенен асқан жан бар ма?
Жаралайды жанымды,
Көзден жас тамғанда.
Қия алмадым, қимадым,
Қинадың-ау, қинадың.
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиыны-ай,
қиыны-ай, қиыны-ай!