Әппақ қарағым-ай,
Тоқтап қарадым-ай.
Алға асыққан арман-ай,
Ғашық жүрек қорған-ай.
Бақыт баспалдағы,
Айдай аспандағы.
Қайда алаулы шағың-ай,
Қалай жүрсің сағынбай?
Ғашық бола ма осылай!
Бақыт жолы қашық-ай.
Асып тасатын шаттықты,
Қалай кеттік шашып-ай?
Көңіл басылды ма?
Бағың ашылды ма?
Қайран аяулы өмір-ай!
Ойран болған көңіл-ай!
Ғашық бола ма осылай!
Бақыт жолы қашық-ай.
Асып тасатын шаттықты,
Қалай кеттік шашып-ай?