Қанекей тілім, сөйлеші, көрсетіп көпке өнерді.
Қызыл тілім жел сөзге туғаннан-ақ шебер-ді.
Кім тыңдайды сөзімді болмаса әсем мәнерлі.
Басы пұлды болады болса жігіт өнерлі.
Дүниедегі жандының бірі артық, бірі төмен-ді.
Алма мойын наз бедеу құмар жігіт мінеді.
Аруана, шалқұйрық бірдеңді-ау бірге келеді.
Балдағы алтын ақ үйрек ердеңді-ау ерге көнеді.
Қаражал құлан ақ шұбар су тұнығын біледі.
Алғыр бүркіт мұзбалақ асқар тауда түлейді.
Алтайы қызыл ақ тамақ қия-шыңда жүреді.
Жігіттің артық абзалы бір Аллаға сенеді.