Құбылы қалауымда жүрсеңде
Сенсіз жол табарымды білсемде
Қимадым, қимадым сені
Жанымның жақындығын сездірмей
Жауап бер және тағы бездірмей
Қимадың, қимадың мені
Мұның бәрі, мұның бәрі
Бір күні әлі ұмытылады
Саған деген көңілімде мың құбылады
Мұның бәрі, мұның бәрі
Өзгереді бір күн әлі
Өшіп кетсең өмірімнен мұның кінәлі
Арада ешбір сезім қалмаса
Біргеміз деген сөзде мән қанша
Сұраймын, сұраймын сенен
Жетпесек көрінетін бақытты
Өтпесе көрінетін уақытты
Құраймын, құраймын неден
Мұның бәрі, мұның бәрі
Бір күні әлі ұмытылады
Саған деген көңілімде мың құбылады
Мұның бәрі, мұның бәрі
Өзгереді бір күн әлі
Өшіп кетсең өмірімнен мұның кінәлі
Мұның бәрі, бәрі
Өзгереді бір күн әлі
Мұның бәрі, бәрі, бәрі
Мұның бәрі, мұның бәрі
Бір күні әлі ұмытылады
Саған деген көңілімде мың құбылады, мың құбылады
Мұның бәрі, мұның бәрі
Өзгереді бір күн әлі
Өшіп кетсең өмірімнен мұның кінәлі