current location : Lyricf.com
/
Songs
/
Ómir óter [Өмір өтер / Ömir öter] [Life Will Pass] [Ömir öter] [Russian translation]
Ómir óter [Өмір өтер / Ömir öter] [Life Will Pass] [Ömir öter] [Russian translation]
turnover time:2024-11-15 05:39:59
Ómir óter [Өмір өтер / Ömir öter] [Life Will Pass] [Ömir öter] [Russian translation]

Балалық балғын тәтті әнің,

Бақытқа толы шақтарың.

Амалың қанша, қайтадан келмейді,

Көнбейді, тағдыр, көнбейді.

Бұл күн де қалар алыста

Қиял мен арман жарысқан.

Бәрі де, бәрі, елеске айналар

Келгенде уақыт ойланар

Өтеді – ай, өмір өтер,

Өзендей ағып кетер.

Жұлдызың сөнбесін жалғанда

Қол жетпей тұрып асыл арманға!

Өтеді-ай, өмір өтер,

Дүние – ай, бәрі бекер...

Жұлдызың сөнбесін жалғанда

Қол жетпей тұрып асыл арманға!

Көңілді тұман басқанда,

Басыңнан бағың қашқанда.

Жапанда жалғыз жабырқап қалғанда,

Жаныңды ұғар жан бар ма?!

Жайнаған жастық шағың да,

Айналар бір күн сағымға.

Алданып қанша жүргенмен соңында,

Тағдырың тәңір қолында!

Өтеді – ай, өмір өтер,

Өзендей ағып кетер.

Жұлдызың сөнбесін жалғанда

Қол жетпей тұрып асыл арманға!

Өтеді-ай, өмір өтер,

Дүние – ай, бәрі бекер...

Жұлдызың сөнбесін жалғанда

Қол жетпей тұрып асыл арманға!

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by