Мәжнүнмін Ләйлімді көрдім
бір рет қана қарап өтті
Не сұрадым, не сөйледі
Қастарын жығып өтті
Сұрамадым бір ауыз сөз
Ай ма еді, күн бе еді өзі
Шолпан жұлдызы ма деп қалдым
Әйтеуір мені жағып өтті
Жалынынан тұра алмадым
мен бұл сырды ұға алмадым
Ақшам уақыт көре алмадым
Жұлдыздай ақты кетті
Білмеймін қай шоқ жұлдызы
Бұл дерттер жаралар бізді
Кейбір тұңғыйық оқтары
Жаныма жылт етіп өтті
Мықтылар айтар "қандай дана іс"
Ұйықтап жатып көрдім бір түс
Бұрымдарын өрім етіп
Жар мойныма іліп кетті