Сен Алматы ал мен Шымкент жақтамын
Алатаудың басып жүрсін ақ қарын
Саған қарай ұшқым келіп есімде
Әуежайдан жаяу қайтқан шақтарым
Таусылмайды тағдырыммен күресім
Оны сенде менен жақсы білесін
Саған ғана өлең жазу болып тұр
Үкіметке бар тигізген үлесін
Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек
Кеуде тұсым соғып жатыр дүрсілдеп,
Суретіңді төс қалтама салып қойдым
Жүрегіме жақын жерде тұрсын деп (x2)
Жаным оның ойланатын түбі жоқ
Соза берсен сылтауынның жыры көп
Бес алты жыл жүргенімде жетпей ме
Бағаланбас бақытынның бірі боп
Сен жалғызсын жүрегімде жалғыз ғой
Бір-біріне бола туған жанбыз ғой
Үйленгендер тізіміне енейік
Өлмегендер тізімінде бармыз ғой
Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек
Кеуде тұсым соғып жатыр дүрсілдеп
Суретіңді төс қалтама салып қойдым
Жүрегіме жақын жерде тұрсын деп (x4)
Суретіңді төс қалтама салып қойдым
Жүрегіме жақын жерде тұрсын деп
Жүрегім тұр дүрсілдеп