Бәрі де болар өмірде:
Ерімей мұздың күннен де,
Қарсы алар кейде жылумен
Жаңбырлы желтоқсан.
Сүйеміз бе, әлде... Білмейміз,
Махаббатты ойын көреміз,
Жоғалтып оны алғанда,
"Бұйырмапты" деп, көнеміз.
Лаванда, таудағы лаванда...
Көкпеңбек гүлі жүздесулердің.
Лаванда, таудағы лаванда...
Қанша жыл өтті, есімізде бірақ.
Жаз бізге жылу сыйлаған.
Шағала толқын самғаған,
Төгілтті көктен ай нұрын
Тек бізге, жердегі.
Сол күндер қайда қалыпты,
Жоқ екен жауап, болмапты.
Дара жұлдыздай міне енді
Арамыз ұзапты.
Лаванда, таудағы лаванда...
Көкпеңбек гүлі жүздесулердің.
Лаванда, таудағы лаванда...
Қанша жыл өтті, есімізде бірақ.