current location : Lyricf.com
/
Songs
/
Kieli meken [Киелі мекен] [Holy Place / Promised Land] [Indonesian translation]
Kieli meken [Киелі мекен] [Holy Place / Promised Land] [Indonesian translation]
turnover time:2024-11-15 07:55:57
Kieli meken [Киелі мекен] [Holy Place / Promised Land] [Indonesian translation]

Оооу, Киелі мекенім!

Киелі мекенім!

Даладай кең жүректі жаны жомарт елім бар.

Мейірбан халқымыздың көңілі дархан!

Құлпырған қарасаң мол қасиетті жерім бар,

Қойнауы шежіре мен сырға тұнған.

Жігіттерім – өр мінезді, жарқылдаған алмастай –

Тараған көк бөріден тектілерміз!

Іске шебер, сөзге мығым қиып түсер алдаспан

Баба жолын болашаққа жеткіземіз.

Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!

Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!

Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!

Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!

Дәстүрім – алтын көмбе ғасырлардан сыр тартқан.

Тарихым – тамыр жайған еңселі емен!

Ерлерін елін сүйген, халқым қолдап үн қатқан

Заманның ағымына ерсем деген.

Даланың ұландары қыран құстай самғайды

Қол созып зеңгір көкке қанат қағып!

Арманшыл сезімдерді армандарға жалғайды

Қуат алып туған жерден қанаттанып.

Кіндік қаным тамған жер!

Атадан бата алған жер!

Кең байтақ далам,

Қымбатсың маған!

Үміттің оты жанған жер!

Мұра боп бізге қалған жер!

Ооооу Киелі мекенім! Киелі елім!

Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!

Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!

Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!

Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!

Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!

Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!

Ооооу, Киелі мекенім!

Киелі мекенім!

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by