Айлы түнде күндізде,
Құр адасып жүрміз бе?
Қоштаспаудың жолдарын,
Көрсетеді кім бізге?
Басқа бағың бар бөлек,
Арамызда қалды деп
Айтылмады біздегі,
Таусылмайтын әңгіме
(Қайырмасы:)
Кештім, кештім, сенде кешкін,
Кешірімсіз пенде емеспін
Сырды ұқпады мендегі ешкім,
Өзің кеткелі
Кештім, кештім, сенде кешкін,
Кешірсеңде енді елессің
Жүрегіме келмейді ешкім,
Өзің кеткелі
Сенде болдың айыпты,
Менде болдым айыпты
Бірақ, біздің кінәміз,
Кешірімге лайықты
Сезіндің бе жан құрбым,
Мені жалғыз қалдырдың,
Сені жалғыз қалдырдым,
Жазуымен тағдырдың
Кештім, кештім, сенде кешкін,
Кешірімсіз пенде емеспін
Сырды ұқпады мендегі ешкім,
Өзің кеткелі
Кештім, кештім, сенде кешкін,
Кешірімсіз пенде емеспін
Сырды ұқпады мендегі ешкім,
Өзің кеткелі
Сырды ұқпады мендегі ешкім,
Өзің кеткелі