Ақ сарайдай қорғаны бар
Алма бақтай бағбаны бар
Шіркін қандай арманы бар
Сені сүйген жігіттің
Білегіңнің аппағын-ай
Іздеп жүріп тапқаным ай
Қылығыңның жаққанын ай
Сөнген оттың үмітін
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
Таныс бірақ бөтенім ай
У қосылған шекерім ай
Қызғаныштың бекерін ай
Сүймеген соң құшақтап
Сен бұрылып бір қарасаң
Тау мен тастан,қырдан асам
Қонар еді шын қаласаң
Бақыт дейтін құс аппақ
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім