Сағынышы сары күздің жат бүгін
Сені іздедім сезбедің
Жапырақтай жанымыздың шаттығын
Желі үзгенін сезбедің
Айналдырған бізді жатқа мұншалық
Жалығармын мезгілден
Біз қоштасқан күзгі баққа мұң шағып
Тағы бардың сездім мен
Мені іздейсің сен
Сені іздеймін мен
Жабырқап жаным жүр әлі
Неге іздейсің сен
Неге іздеймін мен
Махаббат шығар кінәлі
Күзгі аспанда ағыл-тегіл боздасын
Бағын аңсап бұл жаздың
Сүрткім келіп көңіліңнің көз жасын
Ақ қағазға жыр жаздым
Күңіреніп күзгі дала күреңдей
Екеумізде қаладық
Жүріп едік жүрген шығар біреулер
Қоштаспастай мәңгілік
Мені іздейсің сен
Сені іздеймін мен
Жабырқап жаным жүр әлі
Неге іздейсің сен
Неге іздеймін мен
Махаббат шығар кінәлі