Тағы бір сендей жанның барлығына сенбеспін,
Сөзіңдей сөздері дана барлығына сенбеспін.
Шашыңнан тарқалады амбра десем кемсіреткен болармын,
Бойыңдай бойлары сұлу барлығына сенбеспін.
Жым болар ескен самал, егер сен жымиып күлсең,
Сендей бал таңдай бұлбұл барлығына сенбеспін.
Ада болуың көп, жанпидалығың көп, құмарлығың көп дүниеде,
Саған мендей басқа ғашық барлығына сенбеспін.
Тағы бір сендей жанның барлығына сенбеспін...