Жаздың толық кезінде,
Адырлы таудың бетінде
Сан гүлдер таңдап бірді үзген,
Жайдары ару есімде.
Өзімді саған берем деп,
Өмірдің гүлін терем деп.
Сөйлескен күндер есімде,
Тұрмыстың сырын тереңдеп.
Ағарап тауда таң атқан,
Сұйқыл жұлдыз баратқан,
Қалды ғой есіңде,
Құшақтасқан күле қарасқан.
Атыңды ойлап анда,
Көңілім сенден қалбақтайды.
Қазіргі жарқын жастардың
Өзіңдей болсың алғаны.