current location : Lyricf.com
/
Songs
/
Ер Тұран [Er Tŭran] [Gagauz translation]
Ер Тұран [Er Tŭran] [Gagauz translation]
turnover time:2024-07-06 19:31:51
Ер Тұран [Er Tŭran] [Gagauz translation]

Қайта оралсын ұлы күндер!

Ғұнның Алла ғұмырын бер!

Бөлінгенді бөрі жейді,

Бірігіңдер, бірігіңдер! (х2)

Өмір де, озып бара жатыр,

Арман озып бара жатыр.

Болашақты қолда тұрған,

Болмау үшін заманақыр.

Кімге керек жұмыр басың?

Жұртың үшін туылғасын.

Тұран ұлы қалғымасын!

Тұран туы жығылмасын!

Қайта оралсын ұлы күндер!

Ғұнның Алла ғұмырын бер!

Бөлінгенді бөрі жейді,

Бірігіңдер, бірігіңдер!

Кімдер сені құрықтады?

Ер Еділдің ұрықтары!

Қайта туған, қайсар ұлан,

Қайта тула түрік қаны.

Түрік қаны тулағанда,

Түн қалмайды бұл ғаламда.

Күннің көзі күлім қағып,

Нұр шашады күллі адамға.

Түрік қаны қайнағанда,

Түн қалмайды айналаңда.

Күллі дүние дүр сілкінер,

Күннің көзі жайнағанда.

Жұрттың қаны елге қайтса,

Қайда қалмас меңден батса?

Есінеме есіңді жи,

Ей Тұранның кең даласы!

Көрінбесе ел данасы,

Көрінгенге жем боласың.

Есінеме есіңді жи,

Ей Тұранның бел баласы!

От пен судан жаратылған,

Дала Тұран, Бала Тұран!

Құтқарыңдар дүниені,

Қара түннің қанатынан.

Шырқын бұзып қара бұлттың,

Шыңына шығар шырмауықтың.

Иесі қайда Көкбөрінің?

Қосшы қайда далалықтың?

Желбіреген туың қайда?

Желкілдеген ұлың қайда?

Тұман қайта сейілмей ме?!

Тұран қайта туылмай ма?!

Қайта оралсын ұлы күндер!

Ғұнның Алла ғұмырын бер!

Тілден қалған әруақтар,

Тіріліңдер, тіріліңдер!

Алдыңда әлі ұлы күндер,

Қайта оралып түрігімдер.

Бөлінгенді бөрі жейді,

Бірігіңдер, бірігіңдер! (х2)

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Turan
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Greek
  • Genre:Folk
Turan
Turan Also Performed Pyrics
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved