Сенің бейнең елестейді
Сағымға айналдың лезде
Ойнамашы сен тек
Мендей сезде мұңды
Сезіміңді емдеймін болса мұңы
Бар әлемге сенсіз сыймаймын
Үнсіз күрсініп, бұлт күнсінеді
Бар әуенімді мен сыйлайын
Тек тіл қатшы өтінем
Тынысым тарылып
Ойым ақтарылды
Қиялымның бас кейіпкері боп
Жүрегімдегі дертімнің жалғыз емі тек сен
Бір жан жоқ
Тек бір өзің
Ал сенен жауап күтем мен
Әркүн ауыр күн өтеді, бәлкім
Ия не жоқ, айтшы, яғни жолығайқшы
Кім біледі енді?
Қинама бос жүрегімді
Көңілім-ай, өмірім-ай көп ұзамай
Тура қарап жауап бер маған
Өзімнің алдым кел маған
Сөзімнің алдына ер маған
Дос болайық? Жоқ-жоқ!
Ондай шешімге жол жоқ
Сол себептен сен мендік болсаң, әттең
Тең, тек күнімен бірге жүрейік
Тек сен орныңмен жүрсең биік
Бәлкім, іштей күлдің
Айт, қалай табамын көңіліңнің кілтін
Өзге сөзіңнің бәрі жалған
Сол саған күдікті салған
Қанат қағып биікке самғайықшы
Бұлттан асып, жұлдыздар санайықшы
Тек тіл қатшы, өтінем
Тынысым тарылып
Ойым ақтарылды
Қиялымның бас кейіпкері боп
Жүрегімдегі дертімнің жалғыз емі тек сен
Бір жан жоқ
Сен бір өзің
Өзіңсің қайырлы таңым
Сені тек аңсайды, жаным
Қараңғы түнде
Қиялдап сені бейнелеймін
Сол бейнең менен алыстап барады