Балдан да тәтті бала махаббат,
Бала махаббат кінәсіз.
Сүймейтін кезім шамама қарап,
Сүйетін кезім шүбәсіз.
Қанаты талмай қиял атымның,
Сыртыңнан ғана сүйе алатынмын.
Бала махаббат, бала махаббат,
Өзіңнен ғана ұялатынмын.
Бала махаббат - кеште салатын
Жалынды жанның жыр-әні,
Ерке күндерді еске салатын,
Естеліктерден тұрады.