current location : Lyricf.com
/
Songs
/
Бәрі біледі [Bäri biled] [English translation]
Бәрі біледі [Bäri biled] [English translation]
turnover time:2024-12-22 18:33:48
Бәрі біледі [Bäri biled] [English translation]

Дауылмен ілесіп,жан-айқайыңды сал,

Жауын себелесін,сен де бір жылап ал!

"Дау және күрес - бұл әлемнің заңдары"

Деп үйретіп еді олар бізді алдап

Бүгін де ертең көрінбейді,

біздің әлем гүрілдетіп дауысын үндейді

Адамдарға кекке қуаты бар және күші жоқ сүйетін:

Сендер жоғалтып алдыңдар мен берген бір қасиетті!

Неге керегін бәрі біледі,бәрі біледі,тек дым істемейді

Махаббат ренжиді "мені іздемейді"деп

Пс - пс... Саған айтамын

Қарашы, әне табиғат жылауда,

күнде ағаштары кесіліп құлауда,

Аспан толған тұмша шаң,

күн көзін жұмғанда көрінбейді шамдар

Тыңдалып, әне табиғат жылауда,

Ол бізге ана, сондықтан да сұрауы бар,

Жер, су, от, жел,

Бір-біріне тең сондай мінсіз ең

Өзгеруді мүлдем қажет етпейді,

Керісінше, бізге өзгеру керек деп білемін

Ешқашан да кеш немесе ерте,

Жүрегі барларды өзіммен бірге ертемін,

Жалғыздың дауысы алысқа естілмейді

Дегенмен де, мен оған келіспеймін

Енді ойлашы, біз бір болсақ не болады?

Түсіндің ба, жетсең әкел бесті бер!

Бүгін де ертең көрінбейді,

Біздің әлем гүрілдетіп дауысын үндейді

Адамдарға кекке қуаты бар және күші жоқ сүйетін:

Сендер жоғалтып алдыңдар мен берген бір қасиетті!

Не керегін бәрі біледі,бәрі біледі,тек дым істемейді

Махаббат ренжиді "мені іздемейді"деп

Кейде ойланамын қару-жарақ неге үшін қажет деп

Адам адамнан қорқатын кезге де жеттік

Біз жоқ жердің бәрі әдемі, бұл саңылаулар "мылқау әлемде"

"Еркіндіктің мәні не ?" дейді оның көрмегесін бәрін ерні,

Бұл әріптерде сәні тердің,

мен жаймен тердім көрген әр әсерді

Мәлімдейтін сені бар нәрсемен кешкі, түнгі және таңертеңгі,

Біз үшін мұның бәрі өртенді

Көк сұрланды, бұл түтіннен, бірі кінәлап, бірін түртуде,

Бәрі бөлінуде біртіндеп, бірақ жеті миллиард - бір бүтін ел

Не керегін бәрі біледі, бәрі біледі

Жеті миллиард - бір бүтін ел

Бәрі біледі,бәрі біледі

Жеті миллиард- бір бүтін ел

Не керегін бәрі біледі, бәрі біледі

Жеті миллиард - бір бүтін ел

Бәрі біледі,бәрі біледі

Тек ол нәрсе іске асу үшін

Не керегін бәрі біледі,бәрі біледі,тек дым істемейді

Махаббат ренжиді "мені іздемейді"деп

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Ninety One
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop
  • Official site:https://www.instagram.com/91ninetyone.kz/
  • Wiki:https://en.wikipedia.org/wiki/Ninety_One
Ninety One
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved