Райм:
Сенің тұтас өмірің тұрады аптадан
Өтеді не сауаппен не күнәмен қаптаған
Секунд, минут, сағат, күн, апта, ай
Өтеді кетеді ай ай ай
Жақау:
Апта, жасырған сізден жұмбақты тапта
Жақаудың жаңа жырымен жаңа тарихқа атта
Жеті түрлі жырымды түсіремін енді хатқа
Жеті жырда жүз алпыс сегіз жол есте сақта
Дүйсен ағам жақта, басталды ауыр апта
Қалаға түскен ауыр жүк құлап жетті ауыл жаққа
Сейсен ағам осы шақта отыр еді чатта
Деді "тұр еңбек қыл тек қарап жатпа"
Сәрсен ағам сәтін күтіп түсті сан сынаққа
Бұл кісіні көпшілік алады сұраққа
Бейсен ағам оразасын көптеп жүр сақтап
Бұл амал тоқтаған емес болсада аяз аптап
Жұмекенде раббысын жатыр сансыз мақтап
Жамағатта мешітке жасады қадам аптап
Сен дегенде секеңдеп ащы-тұщыдан татпақ
Не бүлдірсе де бұл ағам алады өзін ақтап
Жексекеңде шаттанып мүлде ойы жоқ жатпақ
Осылармен бірге өткен өмірдің өзі тәтті-ақ
Райм:
Сенің тұтас өмірің тұрады аптадан
Өтеді не сауаппен не күнәмен қаптаған
Секунд, минут, сағат, күн, апта, ай
Өтеді кетеді ай ай ай