Жанардан мұңды жас тамды,
Айтамын қалай басқа әнді?
Серігім етіп сенделдім,
Айлы түн,ашық аспанды
Арман,арман,арман,
Жүрегім лаулап жанбады.
Қиялдың кәусар бұлағы,
Елес боп мәңгі тұрады.
Жатырмын жайлау төрінде,
Сайраған құстар көгімде
Жапанда жалғыз қалғаным
Түсім бе,әлде өңім бе?
Арман,арман,арман,
Жүрегім лаулап жанбады.
Қиялдың кәусар бұлағы,
Елес боп мәңгі тұрады.
Қарлығаш қанат қағады,
Түспеді-ау маған назары.
Сыңарын тапса жүрегім,
Өмірдің сол-ау базары
Арман,арман,арман,
Жүрегім лаулап жанбады.
Қиялдың кәусар бұлағы,
Елес боп мәңгі тұрады.