Әр-бір Қазақ батыр,
Бір-біріне шатыр.
Қайда екенін қайдам,
Жүріп келе жатыр.
Жігіттерім дүл-дүл,
Аруларым бұл-бұл.
Тарихымда мін жоқ,
Болашағым бұлдыр.
Ұлың сырға тақты,
Қызың арын сатты.
Бауыр болғансоң ба,
Жүрегіме батты.
Сәбилерді тәтті,
Қоқыстардан тапты.
Кім айтады мұны,
Мен айтпасам қатты.
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Жаза басқан жан көп,
Жазалайтын заң жоқ.
Ақсақалдан қазір,
Шарап ішкен Шал көп!
Сөздерінде мән жоқ,
Көздерінде шам жоқ.
Көретіндей кино,
Тындайтындай ән жоқ!
Түдді амалдау дінім,
Дінші молда пірім,
Жау көреді қалай?!
Қазақ бірі-бірін!
Ала бажақ тілім,
Шала қазақ ұлым.
Анасы бар тұғын,
Мамасы бар бүгін.
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Кәмелеттік жасқа,
Кәлимасыз баспа!
Жаратқанның құлы,
Екенінді раста!
Еліктеуді таста,
Ақылынды шашпа.
Үлгі болар кім бар?!
Пайғамбардан басқа!
Бір адамдар шықты,
Жүректері түкті.
Батырларға әлсіз,
Әлсіздерге мықты!
Басшында бар әлгі,
Тұратындай мәңгі.
Занды бұзып қойса,
Өзгертетін занды...
Бұл,бұл ақиқат
Бұл,бұл ақиқат
Біреу тендр апты,
Теңге судай ақты.
Бастапқыдан қымбат,
Басындағы шәпкі!
Гаи шопрды аяп,
Ұстамайды таяқ.
Қолында ақша жоққа,
Қолайлысы аяқ.
Ұстаз айы терең,
Еңбегі бар ерең.
Айлық алмау керек,
Шәкіртінен төмен.
Миллион Миллион теңгең,
Артық емес ерден.
Дәрігерге қимай,
Депутатқа берген.
Сақтап баба сертін,
Ойымды айттым еркін!
Жасырғанмен іште,
Жазылмайды дертім...
Шындықта жоқ шеңбер,
Маған ренжімендер!
Дәрі ащы болса,
Дертімізді емдер!